top of page

КЕДЕНДЕГІ ҮНСІЗ ТӨҢКЕРІС

Кедендегі бір реформа – кедергілерді, сыбайлас жемқорлық пен қылмысты жою – тек импортқа қосымша құн салығынан (ҚҚС) және тек бір жылдың ішінде бюджетке «таза» 300 миллиард теңге берді.


Біз 2022 жылғы мемлекеттік реформаларға сақтықпен оптимистік көзқарас білдірген болатынбыз. Дамудың барлық көрсеткіші, әсіресе инфляция тұрғысынан көңіл толатындай емес екені анық. Бірақ билік алғаш рет (бәлкім тарихта) барлық мәселенің түп-тамыры – заң үстемдігіне мықтап кірісті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы ең үлкен алшақтық «Government Integrity» экономикалық еркіндігі тұрғысынан немесе сыбайлас жемқорлық пен клептократияға қарсы күрес көрсеткіштері бойынша байқалады.


Оның үстіне көпшілік әлі экономиканы ақшасыз қалай дамытуға болатынын толық түсінбейді. Қалай болғанда да, мәселелер қаражатты қайдан алуға және оны неге жұмсауға болатыны аясында туындайды. Салық жүйесі мен басым шығындарға қатысты даулар осыдан пайда болады.


Ал енді ең даулы, жемқорлыққа бейім салалардың бірі – кеденнен күтпеген жаңалық жария болды. Жыл бойы «Авгийдің атқорасын» тыныш және жүйелі түрде тазарту жүргізіліп келген екен.


Әділдік үшін атап өтсек, 2021-2022 жылдарға:

  • ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден теңгелік импорт 43%-ға өсті

  • тоннамен есептегендегі транзит 10%-ға өсті.

Бірақ импортқа ҚҚС-теен жиналым бір жылда 80%-ға (!) – 0,8 трлн теңгеден 1,4 трлн теңгеге дейін өсті.тек импортқа ҚҚС-тен және тек бір жылда


Тағы қайталасақ, кедендегі бір реформа – кедергілерді, сыбайлас жемқорлық пен қылмысты жою – бюджетке тек импортқа ҚҚС-тан және тек бір жылда «таза» 300 миллиард теңге берді.


Табыс ауқымын түсіну үшін сандарды мысалға келтірсек, бұл реформаның арқасында небәрі 1 жылда мыналарды қаржыландыруға болады:

  • 100 мың балаға арналған мектептер НЕМЕСЕ;

  • 655 нысаны бар «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын (түгелдей);

  • Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні жаңғырту.

2025 жылдың соңына дейін бұл реформаның бір өзі ғана «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы бюджетінің жартысын қамтуға мүмкіндік береді.


Жалпы, жыл басынан бері кеденшілер 3,3 трлн теңге жинады, бұл балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі бүкіл білім беру саласындағы бюджетке тең.


Назар аударарлық тағы бір мәселе – сыртқы сауданың бәсекеге қабілетті әрі қолжетімді бола түскені. Оған қатысушылар саны бір жылдың ішінде бірден 2 есеге – 28,8 мыңнан 44,5 мыңға дейін өсті.


Бұл көрсеткіштерге жету жолдары институционалдық шешімдердің маңыздылығын айқын сипаттайды:

  1. Қатысушылармен байланыссыз қашықтан басқару пульті енгізілді. Кеден қызметкерлері шешім қабылдаудан аластатылды, жүйе декларацияларды өздігінен таратады және тәуекелді анықтайды.

  2. Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінде өткізу қабілеті 4 есе артты.

  3. Ақырында, ҚХР-мен экспорттық декларациялармен онлайн алмасу жолға қойылды – егер бұрын біз импорттың 17%-ын ғана бақылап отырсақ, қазір теміржол көлігімен тасымалданатын тағы 80%-ын қадағалаймыз.

Қытаймен ғана емес, Түркиямен де көлеңкелі схемалар жойылды. Мәселен, көпшілік қолданатын тауарлардан төлемдерді жинау тиімділігі шамамен 4 есе артты.

Өткен жылмен салыстырғанда анықталған заңбұзушылықтар саны үш есе көп болды. Мемлекеттік бюджетке төленетін төлемді өндіріп алу 51 млрд теңгеден 182 млрд теңгеге дейін өсті.


Қорытындылай келе:

  • Сөзден іске көшу. Жаңа экономикалық саясаттар мен стратегияларды жазудың қажеті шамалы болып шықты. Мемлекет бір жылдың ішінде ең маңызды реформаны жүзеге асырып, нәтижеге қол жеткізіп үлгерді. Бұл халықаралық ұйымдардың шолуларындағы озық тәжірибе жағдайына өте жақын.

  • Масштабтау. Мемлекет қолынан іс келетінін көрсетті: а) өз саласының шеңберінде, б) ақшасыз, б) «ойын ережелерін» өзгерту арқылы, өрескел және ақымақ нормаларсыз. Іскерлік белсенділік артты, салық өсті, бәсекелестік әділетті болды – барлығы жеңді. Бұл «нөлдік сомамен жүргізілетін ойын» болмай шықты.

Ашық және жасырын шындықтары бар бұл тәсіл барлық маңызды салада қолданылуы керек. Бақытымызға орай, осы онжылдықтарда аталған «Авгий атқоралары» көптеп жиналды.

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page