top of page

ИНДУСТРИЯЛЫҚ САЯСАТ: АБАЙЛАП ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ

  • Writer: Алибек КОНКАКОВ
    Алибек КОНКАКОВ
  • May 15
  • 2 min read
ree

Алібек ҚОҢҚАҚОВ

Мемлекеттік басқару және саясат жөніндегі директор




Индустриялық саясаттың қажеттілігі көбінесе дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп негізделеді. Алайда Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жуырдағы «Industrial Policies: Handle with Care» атты есебі бұл мәселеге ұтымдырақ көзқарас ұсынады.


Кейбір жағдайларда индустриялық саясат орынды болуы мүмкін. Мысалы, нарыққа кіру кедергілерінің жоғары болуы, үйлестіру қиындықтары, мамандандырылған инфрақұрылымның тапшылығы немесе геоэкономикалық мүдделер. Алайда мемлекеттік араласудың рұқсат етілуі мен тиімділігі көптеген алғышарттарға байланысты және елеулі тәуекелдермен қатар жүреді.


Негізгі қауіптер:

  • Әлсіз институттар қателік, тиімсіз жүзеге асыру және «мемлекетті басып алу» тәуекелдерін арттырады

  • Фискалдық шығындар (бюджеттік, салықтық) «шығу стратегиясы» болмаған жағдайда бақылаудан шығуы мүмкін

  • Белгілі бір салаларды қолдау тиімді салалардың өнімділігіне зиян келтіруі мүмкін

  • Қолдау шаралары әділетсіз бәсекелестік ретінде қабылданып, сауда шектеулеріне ұласуы мүмкін


Табысқа жету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:

  • Нарық бұрмалануы айқын салаларға басымдық беру (мысалы, фармацевтика)

  • Күшті институционалдық негізге сүйену (кәсіби бюрократия, капиталға қолжетімділік)

  • Өндірістік байланысы кең салаларды қолдау (upstream)

  • Сауданы ырықтандыру мен жаһандық интеграциямен үйлестіру


Негізгі қағидалар:

  • Ауқымды мақсаттардан гөрі нарықтағы сәтсіздіктерді диагностикалау

  • Институционалдық біліктілік пен автономия

  • Біртіндеп даму – инфрақұрылымнан бастап нақты шараларға көшу

  • Субсидиялардан гөрі экспортқа ынталандыру және операциялық шығындарды азайту

  • Уақытша қолдау

  • Ашықтық пен халықаралық міндеттемелерді сақтау


Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң мен Кәсіпкерлік кодекс субсидия, кепіл, жеңілдік, қаржыландыру секілді кең көлемді қолдау шараларын қарастырады. Алайда бұл тәсіл ХВҚ белгілеген барлық қағидаларға сай келмейді:


  • Басымдықтар әкімшілік жолмен белгіленеді (нарық бұрмалануларын диагностикалаусыз)

  • Қолдау шаралары мерзіммен шектелмеген

  • Жеке мүдделерді бейтараптандыру тетіктері институционалды түрде қарастырылмаған

  • Мақсатты емес, жаппай қолданылады

  • Бағалау механизмдері мен «шығу стратегиялары» әлі енгізілмеген


Негізгі қорытынды

ХВҚ есебі – халықаралық сарапшылар ортасында бұл тақырыпқа деген «айқын көзқарастың» қалыптасқанын көрсетеді. Индустриялық саясат енді әмбебап шешім ретінде қарастырылмайды. Ол нақты диагностика, шектеулі араласу және институционалдық дайындық болған жағдайда ғана орынды. Егер саяси сұраныс тұрақты болса, жүйелі қателіктер қаупін азайту үшін кем дегенде оны дұрыс қағидаларға негіздеу қажет.

 
 
bottom of page