top of page

ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕР

Кедейлік тақырыбы әрқашан өзекті, Қазақстан үшін де солай. Бірақ еліміздегі кедейліктің дамуын бақылай отырып, біз 3 келеңсіз жағдайды байқадық.


1. Оның көлемі туралы сенімді деректер жоқ. Ресми деректер —5%, халықаралық ұйымдар 15% туралы жазады, ал форумдарда 75% деп мәлімдейді. Кейбіреулері азық-түлік шығыстары үлесінің 50%-ын көрсететін статистиканы пайдаланады.


Мәселе мынада, бұл статистиканың барлығы үй шаруашылықтарынан алынған бір ғана сауалнамаға сүйенеді және басқа дерекқорлармен базалық қайта тексеруге төтеп бере алмайды. Айырмашылықтар 2-3 есеге дейін жетеді.


Біз осында талдау жасадық.


2. Кедейлікпен күресу ұранымен кедейлердің жағдайын тек нашарлататын күмәнді мемлекеттік саясаттар жүзеге асырылады.


Бәсекелестерге әкімшілік қысым жасау, импортты алмастыру, бизнес үшін жаңа субсидия, бағаны бақылау, тексерушілерге ерік беру және т.б.


Біз осында егжей-тегжейлі жазғанбыз.


3. Енді тағы бір тұсы анықталып отыр — сарапшылар арасындағы қате түсініктер. Бұл ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені ол болашақта мемлекеттік саясатқа айтарлықтай әсер етеді.


Бізді кейде көмектесуге деген құштарлық итермелесе, кейде қауіпті қамқоршылыққа бой алдырамыз. Қазақстандықтардың көпшілігі тым иррационалды және өз шешімдерін бақылай алмайды деген пікір бар. Көбісі жұмыс істегісі келмейді, үнемдегісі келмейді және болашақты мүлде ойламайды.


Осыдан, олардың құқықтарын және тәжірибе алуын де-факто шектеуге үндеулер. Минималды арзан құрғақ азық, арзан және сапасыз тұрғын үй беру, олардың несиелерін шектеу. Сонымен қатар міндетті түрде қаржылық мәдениетке, кәсіпкерлікке үздіксіз үйретіп, «олардың санасын жаңғырту» керек.


Сол арада тіпті миссиясы кедейшілікпен күресу болып табылатын Дүниежүзілік банк те былай деп жазады:


"Сарапшылар кедейліктің менталитетке қалай әсер ететінін анықтауда әрқашан сенімді бола бермейді. Банк қызметкерлерінің 42%-ы Найроби (Кения) тұрғындарының көпшілігі "вакциналар бедеулікті тудыратындықтан қауіпті" деген тұжырыммен келіседі деп есептеді. Шын мәнінде, кедейлердің 11%-ы ғана бұл тұжырыммен келісті. Сол сияқты банк қызметкерлері Джакартаның (Индонезияның) және Лиманың (Перудың) кедей тұрғындары арасында өзін дәрменсіз әрі болашағын бақылай алмайтын адам ретінде сезінетінін алға тартатындардың қарасы шын мәніндегі санынан әлдеқайда көп болады деп болжаған. Бұл тұжырымдар мамандардың өздеріне сенімсіз, жауапкершілігі төмен, үмітсіз әрі ақпаратпен толыққанды қамтамамыз етілмеген кедейлер саны шын мәніндегі санынан әлдеқайда көп деп санауы мүмкін екенін көрсетеді. Кедейлік жағдайын осылай түсіну саяси стратегияларды таңдауды айқындайды".

Толығырақ осында.


Сонда не істеу керек, кедейлерге қалай көмектесу керек? Өкінішке қарай, бұл бір жазбаға сыймайды. Бірақ, жалпы айтқанда, заң үстемдігі – бұл бос сөз емес.

«Рационалды» адам капитализмнің барлық игілігіне және жеке бостандыққа лайық, ал басқалары — «иррационалдылар» — мәжбүрлеу мен тыйым салуды қажет етеді деп айтуға болмайды.


Бұл «заң алдында бәрі бірдей» және «мүмкіндіктер теңдігі» деген ұғымдарға сенбейтінімізді аңдатады. Бұл тек элитаның басқа нұсқасы – «технократтар».

Comments


bottom of page